17 тамыз 2018 15:30

Мексикалық боксшы шаршы алаңнан жеңімпаз болып шығады деп үміттенеміз - Хулио Сезар Чавес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Әйгілі мексикалық 56 жастағы боксшы Хулио Сезар Чавес орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін екінші кездесуі қалай өтетіні туралы өз пікрін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Менің ойымша жекпе-жек жақын қашықтықта өтеді, сөзсіз нокаут кез келген секундта және минутта болады. Бірақ мен былай ойлаймын: "Канело" жақсылап дайындалып, ақылмен жұмыс істеп, көбірек соққы жұмсайтын болса, ол жеңіске жетеді. Бірақ мұны жекпе-жек кезінде істеу өте қауіпті. Екеуі үшін де бұл ауыр жекпе-жек. Бірін бірі жақсы біледі. Бірінші жекпе-жекке ұқсас болатыны сөзсіз. Мексикалық боксшы шаршы алаңнан жеңімпаз болып шығатынына үміттенеміз", - деді Чавес.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети