25 қаңтар 2017 10:06

Мексикалық екі боксшы Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingnewsresults.com © boxingnewsresults.com

18 наурызда Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің андеркартында тағы бір жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


18 наурызда Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің андеркартында тағы бір жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кешінің аясында WBC тұжырымы бойынша жеңіл салмақта жұдырықтасатын мексикалық Карлос Куадрас (35-1-1, 27 КО) пен оның отандасы Давид Кармон (20-3-5, 8 КО) кездеседі. Айта кетейік, мексикалық боксшылар 2-ші ең жеңіл салмақта жұдырықтасады.

Осыған дейін 18 наурызда өтетін бокс кешінде 29 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес (46-0, 38 КО) пен украиналық Александр Усиктің (11-0, 10 КО) және Олимпиада чемпионы, ирландиялық 30 жастағы Кэти Тэйлордың (2-0, 1 КО) кездесу өткізетіні айтылған болатын.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети