Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Мен Головкинмен ақша үшін жұдырықтаспаймын - Келл Брук

13 Шілде 2016, 11:40
0
© sports.kz
© sports.kz

Жартылай орта салмақта IBF сериясы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Келл Брук (36-0, 25 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жұдырықтасуға келісімін ақша үшін емес екендігін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине, ақша деген жақсы, алайда мен қазірдің өзінде мультимиллионермін, сондықтан мен оны қалғанына қосамын. Бұл менің ең қомақты гонорарым, бірақ бұл тек ақша ғана және ол мені ешқашан өзгерте алмайды.
Мен бұл жерде нағыз мықтымен шығып, өз күшімді тексермекпін. Головкин - ғаламшардағы ең қауіпті қарсылас, сондай ақ адамдардың айтуынша ол pound-for-pound бойынша ең мықты боксшы. Мен осы жекпе-жекте шарықтау шегіне шығамын", - деді The Star сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ағылшын боксшысы салмақ айырмашылығы оған қиындық тудырмайтынын да айтты. Головкинмен болатын жекпе-жек 160 фунт деңгейінде болады, ал Брук бұрыннан 147 фунтта өнер көрсетіп жүрген.
Ертеректе Брук өзіне 160 фунтта жұдырықтасқан ыңғайлы әрі осы салмақта ол өзін жыртқыш сезінетінін айтқан. Ағылшын боксшысы 10 қыркүйекте әлемді таңғалдыратынын да жасырмады.

Олардың жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай