Ұлыбританиялық боксшы кіші Крис Юбенк (23-1, 18 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) тағы да қарсы шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, ол болашақта Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондай-ақ, ұлыбританиялық боксшы осы жекпе-жекте неліктен жеңіске жететініне сенімді екенін айтып берді.
"Мен Головкинді ұрып-соға алатынымды білемін. Ол тек жұдырықтың күшімен әрекет ете алады. Мен мансап жолымда ауыр салмақтағы боксшылармен спарринг өткіздім, мықты боксшылармен жұдырықтастым. Головкин осылай ешкіммен де жекпе-жек өткізген жоқ. Мені оның күшімен қорқыту мүмкін емес", - деді ұлыбританиялық боксшы.
Сондай-ақ, кіші Юбенк Головкиннің соққыларды өткізіп алатынын айтты. "Меніңше, бокста ең маңыздысы - соққыға алу және өзінді ұруға жол бермеу. Бұл менің философиям", - деді боксшы FightHype.com басылымына берген сұхбатында.