14 ақпан 2017 09:31

Менімен жұдырықтасқанда Головкин қолын түсірсе, ақымақ болғаны - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

WBA тұжырымы бойынша Regular белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жектен не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


WBA тұжырымы бойынша Regular белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жектен не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Ол өзін кез келгенге ұрғызып қояды дегенге сену ақымақтық болар еді. Дегенмен ол алдыңғы қарсыластарынан менің мүлде басқа екенімді біледі, сондықтан қауіптенеді. Ол өзін ұрғызып қарап тұрмас, ал егер менімен жұдырықтасқанда қолыңды түсіріп қойсаң, ақымақ болғаның!

Мен физикалық тұрғыда ең мықты күйде боламын, мен бұрын жаттығып көрмегендей жаттығамын. Еңбектеніп жатырмын. Маған биікке көтерілген андердогтар туралы оқиғалар ұнайды. Мен өмір бойы күресіп келдім, мен дайынмын", - дейді  Дэниэл Aleetboxing басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен (32-1-0, 29 КО) жұдырықтасатын болады. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети