26 қараша 2017 10:14

Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақ кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Нью-Йоркте кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз ресейлік Сергей Ковалев пен украиналық Вячеслав Шабранский арасындағы кездесудің андеркартында америкалық боксшы Эрик Мунды нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мейірім мен Эрик арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда алғашқы сәттерден-ақ бірден шабуылға шыққан қазақстандық боксшының қарқынына америкалық төтеп бере алмады. Нәтижесінде екінші раундта Мейірім техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Спорт басылымының мәліметінше, Эрик Мун осыған дейін жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Ал Мейірім кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісін тойлады. Осыған дейінгі төрт кездесуінде де қарсыластарына мықтылығын мойындатқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети