12 қаңтар 2017 16:46

Мейвезер жұдырықтасу үшін МакГрегорге 15 миллион доллар ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СПОРТ bigmir)net © СПОРТ bigmir)net

Бес салмақ категориясы бойынша бокстан әлем чемпионы Флойд Мейвезер UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегорге жекпе-жек өткізу үшін 15 миллион доллар ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бес салмақ категориясы бойынша бокстан әлем чемпионы Флойд Мейвезер UFC жұлдызы ирландиялық Конор МакГрегорге жекпе-жек өткізу үшін 15 миллион доллар ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіліп көрмеген Мейвезер 2015 жылы спортпен қош айтысқан болатын. ESPN басылымына берген сұхбатында ол МакГрегормен жұдырықтасу үшін рингке қайтып оралуы мүмкін екенін мәлімдеген. 

"Мен іскер адаммын. Ал бизнес тұрғысынан бұл жекпе-жек тиімді", - деп түсіндірді Мейвезер бұл шешімін.

МакГрегор болса Мейвезермен жекпе-жек үшін 100 миллион доллар алғысы келетінін айтқан. Оның сөзінше, келіссөздер жүргізілген екен. 

"МакГрегомен жекпе-жек ұйымдастыруға тырысқанбыз. Ол маған тиесілі соманы біледі - 100 миллион доллар. Біз оған 15 миллион беруге дайынбыз, сосын PPV сатылымынан түсетін үлес пен пайыз туралы келісерміз", - деді Мейвезер. 

Айта кетейік, МакГрегор Калифорния штатының Атлантикалық комиссиясынан бокс рингіне шығуға рұқсат алған. Бұл Конор МакГрегорге америкалық рингте жұдырықтасуға мүмкіндік береді. Бірақ ол мұндайды UFC рұқсатымен ғана жасай алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети