Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мейвезер мен Пакьяо арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" Жировтың көңілін қалдырды

04 Мамыр 2015, 19:01
0
© REUTERS
© REUTERS

Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Василий Жиров филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық кіші Флойд Мейвезер арасындағы "ғасыр жекпе-жегін" сынға алды. Ол Vesti.kz порталына берген сұхбаты барысында көптен күткен қарсыластар арасындағы жекпе-жек неліктен оның көңілін қалдырғанын түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, спортшылар "тек ақша табумен айналысқан". "Менің ойымша, жігіттер тек бизнес жасады, ешқандай жекпе-жек болған жоқ. Тек, рингте "ойнады". Бар болғаны сол. Стратегия болған жоқ. Соққыда қаталдық жоқ. Ештеңе болмады. Боксшылар тек ақша тапты, болды. Олар бұған қызығушылық танытпады. Ешқандай айқас болған жоқ. Бұл менің көңілімді құлазытты", - деді Жиров "ғасыр жекпе-жегі" туралы сұхбатында. Сонымен қатар, ол жақында сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасағаны туралы айтты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық кіші Флойд Мейвезер арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" америкалықтың жеңісімен аяқталды.  Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Бұл кездесудің тағы бір қорытындысы - Пакьяоның жеңіліс тапқанының арқасында Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингте (Pound-for-Pound, P4P) әлемнің ең үздік үш боксшысының қатарына кірді. Америкалық Флойд Мейвезер кіші мен филиппин Мэнни Пакьяоның жекпе-жегінен кейін Boxrec.com версиясы P4P тәуелсіз рейтингінде тізім жаңарты. Қатарынан 48 жеңісіне қол жеткізген Мейвезер P4P 2059 ұпаймен көш бастап тұр. Мансап жолындағы алтыншы жеңілісіне ұшыраған Пакьяо 925 ұпаймен тізімнің үшінші орнынан жетінші орынға түсті. Филиппиннің төмен қарай сырғуынан Головкин (1085) рейтингтегі үшінші орынға көтерілді. Головкин украин боксшысы Владимир Кличкодан кейінгі (1280) орында тұр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай