10 мамыр 2017 08:51

Мейвезерге Головкин - Альварес жеңімпазымен жұдырықтасу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оскар Де Ла Хойя. © vk.com/ggolovkin Оскар Де Ла Хойя. © vk.com/ggolovkin

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі әрі Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын Оскар Де Ла Хойя 12 мәрте әлем чемпионы титулын жеңіп алған Флойд Мейвезерге мексикалық пен қазақстандық Геннадий Головкиннің қай жеңгенімен жұдырықтасуды ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

"МакГрегорды ұмытыңыздар. Тәжірибесі жоқ жігітті ұмытыңыздар. Әуесқой бокста да тәжірибесі жоқ. Мейвезердің жолы басқа. Флойд, жұдырықтасқың келсе және "Канелоға" реванш бергің келсе немесе Головкинмен кездескің келсе, соған бар. Осы жұптың жеңімпазымен жекпе-жек өткіз", - деп келтіреді басылым Де Ла Хойяның сөзін. 

40 жастағы Мейвезер карьерасын 2015 жылдың қыркүйегінде аяқтаған болатын. Сол кезде ол Андре Бертоны жеңген еді. Ал оның алдында екі жыл бұрын ол Альварестен басым түскен. "Канело" сол кезде тұңғыш рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын. 

Қазіргі уақытта Мейвезер UFC чемпионы Конор МакГрегормен жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Алайда 16 қыркүйекке белгіленген Головкин - Альварес жекпе-жегі UFC ұйымының жекпе-жек өткізу туралы жоспарын бұзған сыңайлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети