Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Монроға қарсы жекпе-жек оңайға соқпайды - Геннадий Головкин

18 Наурыз 2015, 13:23
1
Геннадий Головкин. ©Boxingscene.com
Геннадий Головкин. ©Boxingscene.com

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Монромен жекпе-жегінің ұзаққа созылатын кездесу болатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz боксшының "ВКонтакте" желісіндегі тобына сілтеме жасап. Оның айтуынша, қарсыласы Вилли Монро-кіші - солақай, сол себепті жекпе-жек те оңайға түспейді.

Геннадий Головкиннің айтуынша, ол өзін қазір жақсы сезінеді және оның осы жылға құрған жоспары өзгермеген. Айта кетейік, қазақстандық боксшы жоспар бойынша бір жылда төрт жекпе-жек өткізеді.

"Мен боксты сүйемін. Әрине, бұл мен үшін оңай жекпе-жек болмайды. Мен ол туралы естідім, ол - әрине, ESPN чемпионы. Біріншіден, ол солақай, рингте есті. Әрбір чемпионға солақайлар қиындық келтіреді, WBO чемпионы Энди Ли - солақай, ұзақ уақыт бойы WBC-тің бұрынғы чемпионы болған Серхио Мартинес те - солақай. Олармен әркімде проблема болды. Менің мақсатым - барлық стильдегі боксшымен жұдырықтасу. Монроны өзім үшін жақсы қарсылас деп есептеймін. Маған қазір 12 раундтық жекпе-жек керек", - деді Головкин.

Айта кетейік, кеше, 17 наурыз күні түнде боксшылар АҚШ-та баспасөз мәслихатын өткізіп, жекпе-жектің 16 мамырда өтетінін хабарлаған еді. Монро бұл кездесудің матадор мен бұқаның айқасына ұқсас жекпе-жек болатынын айтты. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай