31 наурыз 2017 16:28

Мұхамедиұлы Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кім ұйымдастырып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Juldyz-alem.kz © Juldyz-alem.kz

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кімнің ұйымдастырып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешін кімнің ұйымдастырып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"9 қыркүйекте Қанат Исламның жекпе-жегі өтеді. Оның промоутерлік компаниясы осы кешті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеш "Сарыарқа" кешенінде болады", - дейді министр EXPO-2017 аясында спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған Астанадағы арнайы конференция барысында. 

"Барлығын Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыру қызықтырып отыр. Министрлік - бұл орындаушы. Барлық елде солай. Бұл кешті ұйымдастыру бойынша барлық рұқсатты Кәсіпқой бокс федерациясы береді. Қазір федерация президенті Ерлан Бекхожин кешігіп жатыр, оны сөзсіз қалдырмайын", - деп аяқтады Мұхамедиұлы. 

Еске салайық, Астанада Қанат Ислам мен қазақстандық өзге де белгілі боксшылар қатысатын үлкен бокс кеші қыркүйекте өтеді. 32 жастағы Қанат Ислам бұл жекпе-жек атақ үшін болады деген сенімде. Осы кештің тағы бір жұлдызы бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы Бейбіт Шүменов болуы мүмкін. 

Айта кетейік, Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы кездесуден кейін, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі Астанада өтеді деген сыбыс шықты. Ол маусымға белгіленді деген болжам айтылды, алайда, бұл жекпе-жектің мән-жайы әлі белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети