19 желтоқсан 2014 11:39

Мұхаммед Әлидің қызы Головкинге тәнті екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет Лейла Әлидің Twitter-інен Фотосурет Лейла Әлидің Twitter-інен

Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің қызы Лейла қазақстандық спортшы Геннадий Головкинге тәнті екенін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.


Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің қызы Лейла қазақстандық спортшы Геннадий Головкинге тәнті екенін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

Лейла Әли Twitter-де Геннадий Головкинмен түскен фотосуретін орналастырды. Ол өзіне Головкиннің шаршы алаңдағы стилі мен мәнері ұнайтынын жазды. 

Айта кетейік, Лейла Әлидің өзі - боксшы, ол кәсіби шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен, 21 кездесуінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 31 жекпе-жегінің 28-ін уақытынан бұрын аяқтаған еді. Оның келесі жекпе-жегі 21 ақпанда өтеді. Қарсыласы - ағылшын боксшысы Мартин Мюррей. Егер Мюррейді жеңсе, Головкиннің келесі қарсыласы пуэрторикалық Мигель Котто болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети