23 шілде 2014 14:18

Назарбаев Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшысы Геннадий Головкинге австралиялық Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекте жеңіске жетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығына сілтеме жасап хабарлады.

"Шақырғаныңа алғыс айтамын. Кездесуде жеңіске жетуінді тілеймін. Қазақстандықтар сенімен бірге", - делінген ҚР Президенті жолдаған жеделхатта. Жеделхатты ҚР Нью-Йорктегі Бас консулдығының өкілдері ресми түрде тапсырған.

"Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа маған қолдау білдіріп, тілектестік танытқанына алғыс айтамын", - дейді Головкин. Ол өз кезегінде жекпе-жекте сенімнен шығу үшін барын салатынын айтты.

22 шілде күні орыстілді жанкүйерлерімен Брайтонда жүздескен Геннадий жекпе-жекке толық дайын екенін және жеңіске жетеріне сенімді екенін мәлімдеді. Ол өз қарсыласын құрметке лайық спортшы деп атап өтті.

Спортшының жанкүйерлері боксшыға алғыс білдірді. Айта кетейік, 26 шілдеде болатын жекпе-жек Головкин үшін кәсіби шаршы алаңдағы 30-кездесу болмақ. Головкин WBA чемпионы мәртебесін 11-рет қорғауы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети