03 ақпан 2017 | 17:52

Неміс журналы Геннадий Головкинді 2016 жылдың ең үздік кәсіпқой боксшысы деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Box Sport неміс бокс журналы 2016 жылдың қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Box Sport неміс бокс журналы 2016 жылдың қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең үздік шетелдік боксшы болып қазақстандық Геннадий Головкин болды, ол украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Андре Уордты озып кетті. 

2016 жылы Головкин екі кездесу өткізді. Сәуірде ол америкалық Доминик Уэйдті нокаутқа түсірген болатын, ал қыркүйекте ұлыбританиялық боксы Келл Брукпен жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Екі кездесуде де оның қарсыластары өздерінің спорт мансабында бірінші рет жеңілді. Сонымен қатар, 2016 жылы GGG Сауль "канело" Альварестің жекп-жектен бас тартуына байланысты орта салмақтағы WBC белбеуін иемденді. 

Басқада боксшылармен қатар Головкиннің суреті Box Sport журналының мұқабасына шықты, ол журнал 3 ақпаннан бастап сатылымға шықты. Суретте Брукпен түскен сәті бейнеленген. 

Box Sport журналы жеңімпазды әр түрлі номинациялар бойынша оқырмандар мен қазылар алқасы тағайындаған. Олардың құрамында бокс әлемінің мамандары мен журналистер кірген. 

Айта кетейік, Головкин өзінің кәсіпқой бокстағы спорттық мансабын Германиядан бастаған. 2006-2010 жылдары аралығында ол немістің Universum промоутерлік компаниясымен келісім шартта жасасқан. Гамбург соты арқылы келісімшартты бұзып, Головкин АҚШ-қа барған. Оның 36 кездесуінің 17 жекпе-жегі Германияда өткен. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети