ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2020 | 09:19
"Нокаут керек" - шолушы Батыр Жүкембаевтың келесі жекпе-жегі туралы
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевқа (17-0, 13 КО) тек нокаутпен жеңу керек. TheFightCity.com порталының шолушысы канадалық Захари Алапи Vesti.kz порталына берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевқа (17-0, 13 КО) тек нокаутпен жеңу керек. TheFightCity.com порталының шолушысы канадалық Захари Алапи Vesti.kz порталына берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
Жүкембаев 25 қаңтар Montreal Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде 27 жастағы Рикардо Ларамен (22-7, 10 КО) жұдырықтасады. Қазақстандық боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. Бұл шоуға билеттердің бәрі сатылып кеткенін айта кетейік.
Қазақстандық нокаутшының басты әрі титулды жекпе-жегіне қарсыласы шықпайтын болды
"Қарсыластың ауысуы жақсы емес. Келесі боксшы рейтингте төмен және шеберлігі аз болса да. Алайда мұндай деңгейде Жүкембаевтың нәтижесіне бұл әсер ете қоймас. Бәрі соншалықты жаман емес. Лара канадалық жанкүйерге таныс. Екі жекпе-жегінде де жеңіске жақын еді.
Техникасы бар боксшы, қазақстандықпен айқаса алады. Дегенмен жекпе-жектің аяқталар бір ғана жолы болу қажет. Әсерлі жеңіс үшін нокаут керек. Бұл Батыр үшін мінсіз болады", - дейді Алапи.
Бастапқыда Жүкембаев аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронмен (12-3-1, 4 КО) жекпе-жекке шығу керек болатын, алайда, ол Канадаға виза ала алмаған.
Показать комментарии
Читайте также