04 қазан 2019 15:50

Нокаутпен жеңбесем бәрібір жеңісті "Канелоға" береді - Головкин

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 KO) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек алдында Dan Patrick Show-ға барып, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Менің жағдайымда 99 пайыз нокаутпен жеңбесем бәрібір жеңісті "Канелоға" береді. Ол менен қорқады ма? Білмеймін. Оған хабарласып сұрап көріңіз", - деді Головкин күле жауап қайтарып. 

"Канело" Головкинмен Лас-Вегаста екі рет кездескен. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижемен аяқталды, бір жылдан кейін мексикалық спортшы ұпайдағы аз ғана айырмашылықпен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық боксшы карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, барлық титулынан айрылған болатын.

Еске салсақ, осы жексенбіде Головкин орта салмақтағы IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети