19 наурыз 2017 13:16

Нокдаун болмаса, Головкин жеңіліп қалар еді - Фируза Шарипова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий ГОЛОВКИН. Фото: AFP Геннадий ГОЛОВКИН. Фото: AFP

Әйелдер арасында кәсіпқой боксқа шыққан тұңғыш қазақстандық боксшы Фируза Шарипова орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Әйелдер арасында кәсіпқой боксқа шыққан тұңғыш қазақстандық боксшы Фируза Шарипова орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Шынымды айтсам, кездесу 12 раундқа дейін созылады деп ойламадым. Алтыншы-жетінші раундтарда аяқталады деп болжам жасаған едім. Бірақ соңғы алты раунд сұмдық өтті. Головкин негізінде бір ұпай айырмасымен жеңді, бірақ нокдаун болмаса тең түсер еді немесе тіпті жеңіліп қалар еді. Бұл жекпе-жек Геннадий Головкиннің мансап жолындағы ең қиын әрі жарқын кездесу болды", - деп пікір білдірді боксшы қыз.

Айтуынша, Джейкобс жұдырықтасудың дұрыс мәнерін таңдағандықтан 12 раундқа дейін шыдас берген. "Бұрыштағылар оған джебпен жұмыстеуді және Головкинге басымдықты беріп қоймауды бұйырды. Бұл Головкиннің чемпиондығынан сескенбей, дұрыс жұдырықтаса білген қарсылас болды. Головкиннің жеңіске жетіп, жеңіліп көрмеген боксшы атағын қорғай алғанына қуаныштымын", - деді Фируза Шарипова.

Ал осының алдында Қуат "Найман" Хамитов Головкинге бокстан кетуге кеңес берген болатын.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети