29 сәуір 2018 09:27

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін қазақ боксшы мексикалық қарсыласынан жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі боксшы Димаш Ниязов мексикалық Анхель Саринанадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Жеңіл салмақ дәрежесіндегі боксшы Димаш Ниязов мексикалық Анхель Саринанадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі "Барклайс" аренасында өткен бокс кешін ашып берді, бұл кештің басты оқиғасы америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен поляк Мацеей Сулецкидің (26-0, 10 КО) жекпе-жегі болды. Алты раундтан кейін төрешілер бір ауыздан жеңісті Саринанаға берді - 59-52, 59-53 және 58-54.

29 жастағы Ниязов үшін бұл алғашқы жеңіліс - бұған дейін ол 13 рет жеңіске жеткен (алты нокаут) және үш рет тең түскен, ал 25 жастағы Саринана осымен сегізінші жеңісіне қол жеткізді (үш нокаут), екі рет тең түсіп, үш рет жеңіліп қалған.

Айта кетейік, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ бала кезінде отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. Ол Нью-Йорктегі полицей қызметімен бірге боксты қатар алып жүр.

Айта кетейік, Джейкобс - Сулецки кешінің андеркартында Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов те рингке шықты, оның қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) болды. Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді. Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раундта аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді. 22 жастағы Кидд карьерасында тұңғыш рет жеңіліп отыр - мұның алдында ол үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети