"Онсыз да көп уақыт жоғалттық". Головкин жекпе-жектен қашқандарды сынады

04 Маусым, 09:18
0
"Онсыз да көп уақыт жоғалттық". Головкин жекпе-жектен қашқандарды сынады - Фото: boxingscene.com
Фото: boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Instagram желісіндегі парақшасында канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жекке арналған ролик жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Олардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта жұдырықтасады. Бұл қазақстандық боксшы үшін DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы және бірінші рет жаңа бас бапкерінің жаттықтыруымен қолғап түйістіреді.  

"Иә, біз қалаймыз...", "Бізге қызық..." деп айтқан боксшылар тізімі болды, бірақ кейін келісімшартқа отыруға келгенде олар "Кейін...", "Келесі жолы", "Кейін көре жатармыз" деді.

Ал менің жұдырықтасқым келді. Жекпе-жегім 8 маусымда Нью-Йоркте, Madison Square Garden-де өтетініне қуаныштымын. Бұл бокссүйер қауым үшін жақсы уақыт. Онсыз да көп уақыт жоғалттық, жұдырықтаспағаныма көп болды, үлкен үзіліс... Стив Роллс - осы жекпе-жек өтуі үшін өз командасымен бірге көп жұмыс істеген адам", - деді Головкин. 

Қазақстандық боксшы рингке соңғы рет былтыр қыркүйекте шыққан болатын. Сол кезде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да мексикалық Сауль Альваеске төрешілер шешімімен жол берген еді. Осылайша, ол алғаш рет жеңіліп, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай