Отандық журналист Қанат Исламның жаңа салмаққа өтуін сынады

05 Маусым, 12:37
0
Отандық журналист Қанат Исламның жаңа салмаққа өтуін сынады - © instagram.com/kanat_islam_team
© instagram.com/kanat_islam_team

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) 31 мамырда орта дивизионға ауысқаны белгілі болды. Боксшы соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген. Осы жағдайға қатысты Танымал журналист әрі PR-мененджер Уалихан Қосанбай Facebook желісіндегі парақшасында өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген боксшыларымыздың бірі Қанат Ислам біршама уақыттан кейін шаршы алаңға қайта оралады. 5-шілдеде ол Алматы төрінде жұдырықтасады. Қарсылас қарастырып жатыр екен. Алдағы кездесуге боксшымыз өзі үшін жаңа орта салмақта өнер көрсететін болып шешіпті. Бұл шешім дұрыс па, бұрыс па?

Әуесқой бокста 69 келіде, кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыздың бұл шешімін мен қолдамаймын. Өйткені, орта салмақта чемпион атану қиынның қиыны. Үш белбеу "Канелода". WBO болса Деметриус Андрадеде. Қанат Ислам дәл осы WBO белбеуіне көз тіккен сияқты. Кешірім сұраймын, бірақ қазір ол америкалық Андрадеден белбеуді алады дегенге сене қоймаймын. "Канело" туралы айтпай-ақ қояйық", - дейді журналист. 

Оның айтуынша, Қанат Ислам орта салмақта үздік ондықтағы кейбір боксшыларды жеңе алады.

"Бірақ чемпиондарды ұта алады дегенге сену қиын. Себебі, боксшымыз бір жарым жылдан көп уақыт шаршы алаңға шықпады. Жарақаты ауыр болды. Екіншіден боксшымыздың жасы биыл 35 толады. Ал жыл өткен сайын боксшылардың күші кері кететінін белгілі.

Қазақстандық PR-менеджер боксты басқарып отырған промоутерлерді атады

Тағы бір айта кететін жәйт, "Канело" - мексиканың алтын баласы. Golden boy оңайлықпен бұл жігіттің белбеуін ешкімге бермейді. Андраде - америкалық боксшы. Ақша табу үшін керек жігіт. Промоутерлер, ұйым да оның белбеуін ешкімге бермеуге тырысады. Сол үшін де Қанат ағамыз бірінші орта салмақта қалғаны дұрыс болар ма еді деп ойлаймын. Бұл салмақта да "қалпақпен ұрып алатын" жігіттер жоқ. Лара, Мунгуиа, Харт, Чарло, Брук секілді жігіттер бар. Дегенмен де осылармен таласып көруге болатын сияқты", - деп жазды PR-менеджер. 

"Жалпы Қанат Ислам неге салмақ ауыстырды? Бір жарым жылдай спорттан шет қалған кез-келген адам салмақ қосары анық. Қанат Ислам да. Ал 35-ке толатын боксшы үшін салмақ қуу деген қиын нәрсе. Әрине, мен әрдайым қазақ боксшылардың тілеулесі боламын. Қанат Исламның да", - деп түйіндеді Уалихан Қосанбай. 

Айта кетейік, АҚШ-та кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов, Бобыржан Момынов, Сағадат Рақманқұл, Абылайхан Құсайынов сынды боксшылардың PR-менеджері Уалихан Қосанбай қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында тұрады. Ол Қазақстан туын биікке көтеріп жүрген спортшыларымыздың жеңісін сүйіншілеп, жеңілген жағдайда нақты себептеріне тоқталып, жалпы бокс әлеміне шолу жасаумен және әлеуметтік желілерде сараптамалық жазбалар жазумен танылған. 

Тайсонды 400 миллион долларға "лақтырған" кім? - Менеджерлерге шолу

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай