15 мамыр 2018 13:45

Өзбекстандық боксшы қазақстандық нокаутшымен жұдырықтасудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sports.kz © Sports.kz

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (4-0, 4 КО) өзбекстандық қарсыласы 25 мамырда Беларусьте өтетін бокс кешіне қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (4-0, 4 КО) өзбекстандық қарсыласы 25 мамырда Беларусьте өтетін бокс кешіне қатысудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

29 жастағы Кособуцкий 28 жастағы Муродбек Азимовпен (9-8-1, 3 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын, алайда өзбекстандық боксшы бұл ұсыныстан бас тартты. Оның орнына 25 жастағы Гогита Горгиладзе (38-24, 32 КО) ұсынылды.

Айта кетейік, Кособуцкий мен Горгиладзенің жекпе-жегі 25 мамырда Минск қаласында өтеді. Сондай-ақ осы бокс кешінде тағы 11 жұп өнер көрсетеді.

Кособуцкий кәсіпқой бокста төрт рет шаршы алаңға шығып, төртеуінде де мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол кәсіпқой боксқа өткен жылдың қыркүйегінде келді. Осыған дейін ол украиналық Максим Педюрамен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети