12 маусым 2017 18:57

Пәкістанның бокстан ұлттық құрамасын қазақстандық бапкер жаттықтыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eapollowholesale.co.uk © eapollowholesale.co.uk

Пәкістанның бокстан ұлттық құрамасын қазақстандық бапкер басқаратын болды. Бұл туралы елдің Бокс федерациясының бас хатшысы Насир Танг TheNews.com.pk басылымына берген сұхбаты кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Пәкістанның бокстан ұлттық құрамасын қазақстандық бапкер басқаратын болды. Бұл туралы елдің Бокс федерациясының бас хатшысы Насир Танг TheNews.com.pk басылымына берген сұхбаты кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Қазақстан бокста мықты. Біз қазақстандық бапкерді шақырғымыз келеді. Бұл мәселе бойынша ұсынысымызды жеткіздік. Қазақстанның бокс федерациясы бізге қол ұшын беруге дайын. Жақын арада олар ресми келісімін жіберіп, лайық адамды табады", - дейді Танг. 

Пәкістан бапкерге айына 2500 доллар төлеуге дайын, ал келісімшарт үш-төрт жылға жасалады. Жақын уақытта AIBA ұйымы да төрешілік құрылғылары мен арбитрлерді үйрету арқылы Пәкістанға өз көмегін көрсетеді. 

Сонымен қатар, 81 келіге дейінгі салмақтағы пәкістандық боксшы Авайс Али Хан жаттығуға Қазақстанға келеді. 

"Хан тамызда әлем чемпионатына барады. Рамазан айынан кейін жаттығу жиындарына Қазақстанға жібергіміз келіп отыр. Біз бокстың дамуына барлық мүмкіндіктерді жасап отырмыз. Жақын арада соның жемісін көреміз деген үміттемін", - дейді Танг. 

Айта кетейік, жақында тараздық бапкер Мұхтар Бердімбетов Непал құрамасына бапкер болып барған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети