13 ақпан 2017 17:20

Пакьяо жанкүйерлеріне келесі қарсыласты таңдауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24boxing.com.ua © 24boxing.com.ua

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо Twitter желісіндегі аккаунтында сауалнама жүргізу арқылы жанкүйерлеріне келесі қарсыласты таңдауға ұсыныс білдірді, - деп хабарлайды "Р-Спорт" басылымы.

Осыған дейін 38 жастағы боксшы келесі жекпе-жегінің Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетінін айтқан еді, бірақ ол қарсыласының кім болатынын және кездесу қашан өтетінін нақтыламады.

"БАӘ-де кіммен жекпе-жек өткізгенімді қалайсыздар?", - деп сұрақ қойды Пакья мына боксшылардың тізімін жаза отырып: ұлыбританиялық Әмір Хан мен Келл Брук, австриялық Джефф Хорн мен америкалық Теренс Кроуфорд.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта 16 мыңнан аса адам дауыс беруге қатысқан. Тізімде 47 пайыз дауыс жинаған Әмір Хан көш бастап тұр екен.

Айта кетейік, қаңтар айында Пакьяо 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізу туралы мәліметті жоққа шығарған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети