16 желтоқсан 2017 10:36

Поветкин дисквалификациядан кейінгі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын ресейлік боксшы Александр Поветкин Екатеринбургте өткен бокс кешінде румын Кристиан Хаммерді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын ресейлік боксшы Александр Поветкин Екатеринбургте өткен бокс кешінде румын Кристиан Хаммерді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Барлық төреші 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңісті 120:107, 120:108 және 119:108 есептерімен ринг иесіне берді. Осылайша, Поветкин қосымша WBO International титулын қорғап, бос тұрған WBA Inter-Continental атағын жеңіп алды. 

Енді ресейлік ұлыбританиялық Энтони Джошуаның иелігіндегі WBC (Super) белбеуіне міндетті үміткер. Өткен жекпе-жектен кейін 38 жастағы Поветкиннің статисткасы мынадай - 33 жеңіс (23-і нокаутпен) және бір жеңіліс, ал 30 жастағы Хаммердің енді төрт жеңілісі және 22 жеңісі (12-сі нокаутпен) бар.

Поветкин WBC-ден өмір бойына алған дисквалификация алып тасталғаннан кейін бірінші рет жұдырықтасып отыр. 2016 жылы ресейлік допинг сынағынан екі рет өте алмаған еді. Мамырда оның сынамасынан мельдоний табылса, қараша мен желтоқсанда остарин анықталған. Сәтсіз болған допинг-сынақтың салдарынан ол америкалық Деонтей Уайлдермен жекпе-жегін кейінге қалдырған, сол күйі бұл кездесу өтпей қалған, ал екінші сәтсіз сынағынан канадалық Бермейн Стивернмен жұдырықтаса алмай қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети