14 қазан 2019 10:22

Промоутер: Головкин Альваресті күтіп жатпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© reviewjournal.com © reviewjournal.com

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші кездесу өткізу не өткізбеу туралы бір шешімге келген секілді, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, Головкин "Канелоның" шешімін күтіп жүрмейді және өзінің келесі жекпе-жегі бойынша жыл соңына дейін бір шешім шығарады. 

"Геннадий Альвареспен жұдырықтасқысы келеді, алайда менің ойымша ол Альварестің шешімін күтіп жатпайды. Барлығы алдағы апталарда не болатынын байланысты. Ковалев - Альварес жекпе-жегіне небәрі үш апта қалды. Бірақ Головкин оны күтетін емес. Желтоқсанға дейін келесі жекпе-жекті шешу керек, сол себепті оның шешімі жде дайын секілді. Егер IBF ұйымы Головкинге белбеуді қорғауды міндеттейтін болса, онда GGG оған келісімін береді", - деді Хирн. 

Осыған дейін, промоутер Головкиннің 29 ақпанға Чикагодағы (АҚШ, Иллинойс штаты) Wintrust Arena аренасына бронь қойғанын айтты. Қарсылас ретінде поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети