13 наурыз 2017 11:14

Промоутер Головкинді көре алмайтындарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер GGG мансабына тіл тигізіп жүрген сыншыларға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер GGG мансабына тіл тигізіп жүрген сыншыларға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екі жыл бұрын GGG бірінші сұхбат бергеннен кейін Madison Square Garden, Лос-Анджелестегі Forum аренасы, Лондондағы O2 аренасына жанкүйерлерді тарта білді, ол қазіргі уақыттағы ең мықты чемпион, қатарынан 23 нокаут. GGG бокс әлеміндегі сатылымға түскен ең жарық жұлдыз бола білді. Оның жекпе-жектері жүзден аса елде көрсетілді. Геннадий нағыз чемпион қандай болуы керектігін көрсетті. Жаман емес, шынында? Онымен қарсылас болған төрт боксшы бокс кештерінің хедлайнерлеріне айналған, мысалы Стивенс - Лемье, немесе жақында Мюррей - Росадо жекпе-жегі болады... Бірақ мен көре алмайтындармен келесі раундқа дайынмын", - деп жазады fightnews.com сайты Леффлердің сөзін.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети