06 ақпан 2018 10:26

Промоутер: Мейвезер Головкин - "Канело" жекпе-жегіне зиян келтіруге тырысып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СПОРТ bigmir)net © СПОРТ bigmir)net

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қарымта кездесуі болатыны жарияланғаннан кейін, бес салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион Флойд Мейвезер Instagram желісіндегі парақшасына "2018 жыл, Флойд Мейвезер, ММА. Мүмкіндік қандай?" деп жазды. 

Көпшіліктің ойынша, Мейвезер былтырғыдай Головкин - Альварес жекпе-жегіне жақын уақытта жұдырықтасып, өзіне де назар бұрғысы келіп отыр. Ал Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя кіші Мейвезердің әдейі зиян тигізуге тырысып жатқанын, алайда, PPV-сатылымдарға қатты қауіп жоғын айтады. Промоутердің сөзінше, қазір Флойдта қызықты жекпе-жек жоқ. 

"Зиян келтіруге тырысып жатыр деген пікірмен келісемін, бірақ, қорқынышты ештеңе жоқ. Біздің жекпе-жек үш миллион PPV жинайды. Сондықтан бізде бәрі жақсы. Флойд болса, өзінен басқаға назар салғанда жаны шығып кете жаздайды, сондықтан осындаймен айналысады. Ол ешқашан UFC ұйымында жұдырықтаспайды", - деп келтіреді Де Ла Хойяның сөзін AllBoxing.Ru.

Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегі PPV-сатылым бойынша Головкин - Альварес кездесуінен үш есе асып түскен болатын. Дегенмен оны көзбе-көз тамашалауға келгендер соншалықты көп болмады, ал Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегі T-Mobile Arena рекордын орнатқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети