01 қараша 2019 09:35

Ресейлік БАҚ Головкиннің реваншта "Канелоны" жеңгеніне дәлелдер келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ресейлік "Чемпионат" порталы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалевтің (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегі алдында мексикалықтың даумен аяқталған кездесулерінің топтамасын жасады. Материалға қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жектері де кірген.


Ресейлік "Чемпионат" порталы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен Сергей Ковалевтің (34-3-1, 29 КО) жекпе-жегі алдында мексикалықтың даумен аяқталған кездесулерінің топтамасын жасады. Материалға қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жектері де кірген.

"Мексикалықтың допинг дауына байланысты қарымта жекпе-жек ұзаққа созылды. "Канелоның" ағзасынан кленбутерол табылған еді. Осыған байланысты 2018 жылдың мамырындағы кездесу өтпей қалды, ал Головкин бос тұрмас үшін Ванес Мартиросянмен қыздырынып алды.

Жалпы "Канело" мен GGG арасындағы екінші жекпе-жек біріншісінің жалғасы болды. Боксшылар жарқын әрі сапалы бокс көрсетті, нық жұмыс істеп, соққы алмасудан қорықпады. Иә, бірінші кездесуге қарағанда Сауль кей соққыларын өткізе алды, дегенмен, ол жекпе-жекті өз бақылауында ұстады деп айтуға келмейді. Екеуі де ауыр соққыға шыдап, жақтарының мықты екенін тағы бір көрсетті. Чемпиондық раундтарда қазақстандық басым көрінді, бірақ, жеңіске бұл тағы жеткіліксіз болды. Оның үстіне төрешілер бұл жолы жеңісті Саульге берді - 114:114, 115:113 және 115:113.

Статистикаға қарап, төрешілердің жақтасқанын оңай түсінуге болады. Бұл жолы пайыздық арақатынаста "Канело" Геннадийге қарағанда айтарлықтай дәлірек болған. Сонымен бірге, ол қарсыласына соққы жасау бойынша да өкшелеп қалған, алайда, құрғақ сандар бойынша оның мықты екені көрінген жоқ - 622 соққыдан дәл тигені 202 (32,5%), ал Геннадийде 879 соққыдан дәл тигені 234 (26,6%). Бұл жерде келтірілген сандар құр сөзден артық шығар", - деп жазыпты басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети