14 желтоқсан 2016 10:30

Ресейлік боксшы Ковалев Головкинның соққысынан нокдаунға түскенін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AllBoxing.ru © AllBoxing.ru

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкинның соққысынан нокдаунға түскенін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресейлік боксшы Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкинның соққысынан нокдаунға түскенін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшыны да кезінде Абель Санчес Биг-Беар лагерінде жаттықтырған. 2012 жылы Ковалев жұмыс әдісіндегі келіспеушіліктерден әріптестікті тоқтатты.

Ковалев пен Головкинның спаррингі осы күзде ең көп талқыланған тақырып болды. Бұл туралы бірінші болып әлемнің экс-чемпионы Джонни Нельсон айтты. Ол қазақстандықтың ресейлікті спарринг кезінде нокаутқа түсіргені жайлы қауесет естігенін мәлімдеген.

Кейін Ковалевтің бапкері Дэвид Джексон мұндай жағдайдың болғанын растады. Алайда сол уақытта, оның айтуынша, Ковалев сол кезде өз қалпында болмаған және бұл оның бірінші жаттығу күндеріндегі жекпе-жек болған.

Ал Ковалевтің өзі қауесетке сенбеуге шақырып, Абель Санчестің мәлімдемелеріне реніші барын жасырмаған. Қазіргі уақытта ресейлік оқиғаның қалай болғанын айтып берді.  

"Иә, мен Абель Санчестің жаттығу лагеріне келіп, Генамен спаррингке шыққанмын. Оның соққысы мығым, бүйректен ұрды, мен отырып қалдым, бірақ дереу тұрып, спаррингті жалғастыруға дайын болдым. Бұдан ұялмаймын, біз билеп жүрген жоқпыз ғой. Бұл бокс. Оның үстіне, мен сол уақытта Челябіден келгенмін, "ішіп", "қыдырып", демалып жүрген кезім еді, қалпыма келіп үлгермедім. Раундтар төрт минутқа созылды. Ал үзіліс 30 ғана секунд еді. Бұл оқиға 4-ші раундта болған", - деп келтіреді Ковалевтің сөзін "Спорт-Экспресс".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети