03 мамыр 2018 09:30

Ресми мәлімдеме: Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыты мен орны жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда өткізеді. Бұл туралы Twitter желісінде оның промоутері Эдди Хирн хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда өткізеді. Бұл туралы Twitter желісінде оның промоутері Эдди Хирн хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

27 жастағы отандасымыз York Hall орталығындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады, бұл кештің басты жекпе-жегі - Британ достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі. Қазақстандықтың қарсыласы әзірше белгісіз.

Еске сала кетейік, бүгін, 29 сәуірде Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірген еді. Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети