1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Рингке оралар сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін - Головкин

Геннадий Головкин. Фото: DAZN Геннадий Головкин. Фото: DAZN

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тағы фанаттарымен кездесіп, келесі жекпе-жегін күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қолтаңба сессиясын Головкиннің демеушілерінің бірі ұйымдастырған. Боксшының айтуынша, ол жанкүйерлерін көргеніне қуанышты болған. 

"Chivas Regal үшін қолтаңба сессиясында уақытты тамаша өткіздім. Әрқайсын көргеніме қуаныштымын. Рингке оралар сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін", - деп жазды Головкин Instagram-парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Had a great time at the @ChivasRegal_US signing event! It was great seeing everyone - can’t wait to be back in the ring ???? #successisablend #ad

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Бұған дейін Головкин IBF титулының міндетті үміткері поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін екені хабарланған. Жекпе-жек ақпан-наурызда америкалық Чикагодағы Wintrust аренасында өтуі мүмкін. 

Головкин соңғы жекпе-жегін 5 қазанда Нью-Йоркте өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.