14 тамыз 2018 09:30

Рой Джонс Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚБФ баспасөз қызметінен Сурет ҚБФ баспасөз қызметінен

Төрт салмақ дәрежесінде әлем экс-чемпионы әрі 1988 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рой Джонс  бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Төрт салмақ дәрежесінде әлем экс-чемпионы әрі 1988 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рой Джонс  бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Америкалық былғары қолғап шебері Астанадағы ұлттық құраманың базасына қарағандылық "Шахтер" футбол клубының жейдесін киіп келген. 

"Джонс базаға күтпеген жерден келді. Негізі оны басқа бір спорттық шараның қонағы болуға шақырған, алайда Азиадаға дайындық шаралары жүріп жатқанын есітген ол біздің боксшыларымызбен жүздесуді қалаған", - делінген ҚБФ ресми сайтында. 

Базада Джонс боксшылармен және ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сөйлесті. Ол құрамаға Азиада ойындарында абыроймен өнер көрсетуді тіледі. 

 

"Сіздердің бірнеше алтын медальдарды алатындарыңызды білемін. Мен қазақстандық бокс тарихын білемін, әлемде сіздердің өз орындарыңыз бар. Әуесқой бокста және кәсіпқойда да қазақстандықтар сан мәрте өз мықтылықтарын көрсетті - сол себепті сіздер бүгінде ең мықты командасыздар, сіздердің жеңіске жететіндеріңізге сенемін", - Джонс. 
















Сурет ҚБФ баспасөз қызметінен 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети