Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Рубио: Головкинмен сауатты жұдырықтасу керек

02 Қыркүйек 2014, 10:14
0
Марко Антонио Рубио. ©boxingscene.com
Марко Антонио Рубио. ©boxingscene.com

Орта салмақтағы WBC тұжырымының уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубио Геннадий Головкинмен сауатты жұдырықтасу керек екендігін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Мексикалық боксшының айтуына қарағанда, Геннадий Головкинге қарсы кездесуде ол қарсыласымен бір деңгейде бокстаса алады. 

"Головкин күмәнсіз мықты боксшы, сондықтан да онымен сауатты жұдырықтасып, тек қана оған тіке ұмтыла бермей, әр бұрыштан және әр қапталдан соққы бағыттау керек. Көптеген боксшылар оның күшінен қорқады, бірақ мен Хулио Сезар немесе Келли Павлик секілді мықты боксшылармен жұдырықтасқанмын. Сол тәжірибем маған Головкинмен бір деңгейде жұдырықтаса алатыныма сенім беріп отыр", - дейді Рубио. 

Еске салайық, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Бұл жекпе-жекте екі боксшы орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады. Ал кездесудің жеңімпазы WBC тұжырымының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады. Букмекерлік кеңселердің болжамы бойынша, жекпе-жектің анық фавориті - Геннадий Головкин. Оның жеңісіне 1.02, ал мексикалық былғары қолғап шеберінің жеңісіне 20 коэффициент беріп отыр. Кездесу тең аяқталады дегенге 50. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  

  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай