19 қазан 2014 18:10

Рубионы жеңгеннен кейін Pound for pound рейтингінде Головкиннің дәрежесі жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/RBRBoxing © twitter.com/RBRBoxing

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы жеңгеннен кейін Pound for pound рейтингісінде бір саты жоғарылады (P4P, салмақ дәрежесіне қарамастан), - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы жеңгеннен кейін Pound for pound рейтингісінде бір саты жоғарылады (P4P, салмақ дәрежесіне қарамастан), - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Геннадий Головкин Boxrec.com нұсқасының тәуелсіз P4P рейтингінде WBA бойынша 12 мәрте, ал IBO бойынша 9 мәрте чемпиондық атағын қорғап, сегізден жетінші орынға көтерілді (1029 ұпай). Ал Марко Антонио Рубио болса бұл тізімнің бірінші жүздігіне де кірген жоқ.

Одан бөлек Рубио орта салмақтағы Boxrec.com рейтингінде екі сатыға төмендеп, 16-орынға орналасқан (295 ұпай). Ал Геннадий Головкин болса бұл тізіміндегі өз орнын мығымдай түсті. Атап өтейік, келесі кездесуін Головкин 2015 жылы ақпанда Монакода өткізеді.

Еске саламыз, боксшылар арасындағы жекпе-жек бүгін, 19 қазан күні таңсәріде Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өтіп, екінші раундта Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы WBA (Super) және IBO нұсқаларындағы өзінің орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап, сондай-ақ осы кезге дейін Рубиоға тиесілі болып келген Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) "уақытша" белбеуін жеңіп алды.

Жекпе-жек соңында өз ойнына баға берген спортшы осыдан кейін шаршы алаңға кез келген боксшымен шығуға дайын екенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети