Сарапшы Джейкобстың Головкинді қалай алдап кеткенін айтты

13 Сәуір 2017, 12:40
0
Сарапшы Джейкобстың Головкинді қалай алдап кеткенін айтты - © Khabar 24
© Khabar 24

Boxingscene.com порталының сарапшысы Стефен Эдвардс америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың (32-2, 29 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен (37-0, 33 КО) қалай айласын асырып, қазақстандық боксшыға қарсы қалайша жақсы жекпе-жек өткізгенен түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша, Джейкобстың командасы Головкиннің командасын салмақ өлшеу кезінде алдап кетті. Ол IBF ұйымының ережесіне бағынбай, жекпе-жек өтетін күні салмақ өлшеген жоқ. Өйткені, ол жекпе-жектің келісімшартына сай жекпе-жекке бір күн қалғанда салмағын өлшеді. Сондықтан да ол рингке Головкинге қарағанда ауырлау болып шығып, өзін жақсы сезінді. Сол үшін де ол Головкинге қарсы толық 12 раундқа шыдап берді. Кейде бокста мұндай ұсақ дүниелер зор рөл атқарады", - деп жазба қалдырды Эдвардс Twitter желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін бұл мәселеге байланысты әлемдегі ең мықты мамандардың бірі Фредди Роуч та өз пікірін білдіріп, мұны Джейкобс үшін дұрыс шешім деген еді.

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жек күні салмақ өлшеуден бас тартқаннан кейін Джейкобс IBF тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласу құқығынан айырылып қалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай