21 тамыз 2017 10:09

Сарапшы Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© badbodymagazine.com © badbodymagazine.com

Showtime телеарнасының сарапшысы әрі комментаторы Эл Бернштейн WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымжары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Showtime телеарнасының сарапшысы әрі комментаторы Эл Бернштейн WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымжары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Керемет әрі әсерлі жекпе-жек болады деп ойлаймын, себебі екі боксшы да бір-біріне жақын тұрып соққы жасай алады. Дэниэл Джейкобс Головкинмен жақсы жұдырықтасты, ал "Канело" ондай қимылдар жасамайды. Меніңше, дегенмен олар жақын қашықтықта жүріп соққы жасайды", - дейді сарапшы. 

Сарапшының айтуынша, Альварес Головкиннің мықты соққысына шыдай ала ма, жоқ па - ол белгісіз. "Қандай жағдай болсын біз тамаша жекпе-жек көреміз, себебі екеуі де күшті соққы жасай алады, нағыз атыс болайын деп тұр", - дейді Эл Бернштейн.

Сондай-ақ, ол осы жекпе-жекте Головкин жеңіске жетеді деген болжам жасады.

"Мейвезер мен МакГрегордың шоуы Головкин-Альварес жекпе-жегінің PPV сатылымына зиянын тигізе ме, білмеймін. Бірақ, меңінше, Головкиннің жекпе-жегіне жеткілікті адам барады. Себебі бұл жекпе-жекті барлығы күтіп отыр. Екі кездесу бір-біріне кедергі болмайды деп ойлаймын", - деді Бернштейн On The Ropes Boxing Radio.kz басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Ал Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети