29 қыркүйек 2016 | 15:38

Сауль Альварес қолының жарақатына қарамастан жаттығуларды бастап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sportarena.com © sportarena.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) қолының жарақатына қарамастан жаттығу жұмыстарын қайта бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) қолының жарақатына қарамастан жаттығу жұмыстарын қайта бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" ұлыбританиялық Лиам Смитпен кездесуінде қолынан жарақат алған болатын. Ол Смиттың титулын жеңіп алған. Олардың жекпе-жегі 17 қыркүйекте мексикалықтың пайдасына 10 раундта техникалық нокаутпен шешілген болатын. Алған жарқатынан ол рингтен біразға шығып қалды, алайда НВО арнасы 10 желтоқсанға оның осы жылға үшінші кездесуін жоспарлап қойған. 

Соған қарамастан "Канело" үйінде отыруды жөн санамай, жекпе-жек өткен соң екі аптаға жеткізбей жаттығуларға қайта кіріскен. Мексиалық шаршы алаңға тек келесі жылдың мамыр айында мексикалықтардың Cinco De Mayo мерекесінде шығады деп күтіледі.

"Дәрігерлер бізге Саульдің жарақаты тез жазылып келеді дегенде біз оған жаттығулар бағдарламасын дайындап бердік. Ол өзінің қалпына бірнеше аптадан соң қайтып тұрақталады, бұл өте жақсы", - деді мексикалықтың бапкері Эдди Рейносо ESPN Deportes берген сұхбатында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети