Сегіз жыл чемпионмын, бірақ The Ring белбеуіне жуытқылары келмейді - Головкин

15 Наурыз 2018, 14:53
0
Сегіз жыл чемпионмын, бірақ The Ring белбеуіне жуытқылары келмейді - Головкин - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring журналының белбеуі мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (49-1-1, 34 КО) болуы қаншалықты заңды екеніне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл саясат. Сегіз жыл бойы чемпионмын. The Ring Magazine белбеуіне неге маңайлатпайтынын түсінбеймін. Мұда саясат жатыр, кімнің екені түсінікті. Бокс жанкүйерлеріне қатысты неге сондай әділетсіздік бар деген наразылықтар туып жатыр. Бұл менің проблемам емес. Бұл иегерлерінің мәселесі", - дейді Головкин. 

Мұның алдында The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер белбеудің "Канелоға" жеңіспен келгенін, ал Головкин алғашқы жекпе-жекте оны жеңе алмағанын айтты.  

Еске салайық, 15 наурызда "Канелоның" бесінші допинг сынамасының қорытындысы шықты, Альварестің Сан-Диегода жүргенде алынған қан құрамынан алдыңғы екі сынамадағыдай допинг анықталмады.  

Айта кетейік, 6 наурызда Альварестің қанынан кленбутерол атты тыйым салынған препарат анықталған болатын. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай