13 тамыз 2014 19:03

Сэм Солиман Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы автралиялық боксшы Сэм Солиман  WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы автралиялық боксшы Сэм Солиман  WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Негізі бұған дейін 40 жастағы былғары қолғап шебері Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан. Ол кезде қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлерде бұл екі боксшы арасында чемпиондық атақтарды біріктіретін жекпе-жек ұйымдастыруға ниеттенген. Бірақ, бүгін Солиман өзінің чемпиондық атағын Головкинге қарсы емес, америкалық Джермейн Тейлорға қарсы өтетін кездесуде қорғайтыны белгілі болды. 

Еске салайық, тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болды. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген. 

Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 27 шілде күні өткізіп, австралиялық экс-әлем чемпион Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раунда сұлатып түсірді. Головкиннің Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен жұдырықтасуын 8572 көрермен тамашалады. HBО арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетті. Енді Головкин алдағы уақытта австралиялық Сэм Солиман, мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) сынды былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығуы мүмкін.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети