19 қаңтар 2019 09:50

Сергей Ковалев АҚШ-та әйелге шабуыл жасағаны үшін төрт жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

REUTERS сайтынан алынған сурет REUTERS сайтынан алынған сурет

Жартылай ауыр салмақта бұрығы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) АҚШ-та әйелге шабуыл жасады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz TMZ Sports сайтына сілтеме жасап.


Жартылай ауыр салмақта бұрығы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) АҚШ-та әйелге шабуыл жасады деп айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz TMZ Sports сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылдың 9 маусымында Калифорния шатытндағы Биг-Бэр қаласында болған. Іске жақын мәлімет көздері Ковалевтің сауық кешінде әйел адамға қырындағанын айтады. Әйел боксшының бұл әрекетін жақтырмаған. Осыдан кейін ресейлік досымен бірге әйелдің артынан оның үйіне барып, оқиға сол жерде болғанға ұқсайды.

Әйелдің сөзінше, Ковалевтің соққысынан кейін оның мұрны сынған, миы шайқалған және желке омыртқасы орнынан қозғалып кеткен.

Полиция Ковалевті бірден іздеп, оны тұтқындаған. Оған күш қолданып, шабуыл жасады деген айып тағылады. Боксшы төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ковалев сотта жауап беріп, айыбын мойындамаған. Науырзда екінші сот отырысы өтеді.

Әйелге шабуылдан екі ай өткен соң Ковалев колумбиялық Элейдер Альварестен (24-0, 12 КО) нокаутпен жеңілді. 2 ақпанға қарымта белгіленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети