30 қазан 2018 15:49

Серік Қонақбаевқа AIBA президенттігіне үміткер болуға рұқсат берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорттық төрелік сот (CAS) Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының вице-президенті Серік Қонақбаевтың апелляциясын қанағаттандырып, ұйым басшысы болуға сайлауға қатысуына рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ұйым өкілдері Қонақбаевты үміткерлер тізімінен алып тастаған. Осы орайда Қонақбаев Спорттық төрелік сотқа шағым түсірген, CAS өкілдері қазақстандықтың апелляциясы тіркелгенін мәлімдеді. Қонақбаев 2-3 қарашада Мәскеуде ұйымның конгрессінде болатын сайлауға қатысуға бел буған. 

Апелляцияны қарап шыққан CAS заңгерлері AIBA сайлау комитеті Қонақбаевтың кандидатурасын заңсыз түрде алып тастағанын анықтаған.  

Осы шешімге дейін Гафур Рахимов AIBA президенттігіне жалғыз үміткер еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети