03 наурыз 2014 15:40

Шаршы алаңның Микеланджелосы – Данияр Елеусінов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаршы алаңның шырайын ашқан Данияр. Фото: flickr.com Шаршы алаңның шырайын ашқан Данияр. Фото: flickr.com

"Астана Арландары" сапында WSB аясында алғашқы жекпе-жектерін өткізген Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов шетелдік бокс мамандарын қайран қалдырып, қазақтың абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Астана Арландары" топтық кезеңдегі оныншы кездесуін Алатау бөктерінде өткізіп, поляктардың "Poland Hussars" клубын 4:1 есебімен ұтқанын бұған дейін жазғанбыз. Осы кездесудегі Қазақстан ұлттық құрамасының қос қыранының жеңісін WSB сайты тамсана жазды. Олар бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің өнеріне тәнті болып, оның көз ілеспес қимылдары мен техникалық шеберлігін сүйсіне суреттеді. Ал WSB комментаторы Will Vanders "Елеусіновтің шаршы алаңдағы өнерін сипаттау үшін шабыт үстіндегі атақты қыл-қалам шебері Микеланджелоны көз алдымызға елестеткен дұрыс, Елеусінов – теңдессіз мастер-класс көрсетті" депті. Сондай-ақ WSB сайты Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің де осы жоба аясындағы тырнақалды жекпе-жегін өте жоғары деңгейде өткізгендігін сипаттап, "тек қазақ таланттары ғана осылай жай оғындай жарқырай алады" деп жазды. Жалпы, "Астана Арландары" WSB аясындағы топтық кезеңде өз тобында екінші орынға ие болды. Енді ширек финалда қазақ клубының немістің "Team Germany" командасымен кездесуі әбден мүмкін. Рас, WSB аясындағы топтық кезең әлі толық аяқталған жоқ. Әр түрлі себептермен кейінге шегерілген бірнеше кездесу бар. Десек те, "В" тобындағы "Астана Арландарын" екінші орыннан ешбір клуб ығыстыра алмайды. Ал "А" тобындағы жағдайдың әлі де өзгеруі мүмкін. Бұл топта екінші орында әзірше немістің "Team Germany" командасы тұр. Оларды тек Алжир клубы төртінші сатыға ығыстыруы мүмкін. Ол үшін "Algeria Desert Hawks" боксшыларына қалған екі кездесулерінде де жеңіске жету қажет. Оның ықтималдығы аса жоғары болмаса да, әліптің артын тосқанымыз жөн.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети