Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Шүменов – Хопкинс: Көз арбасу рәсімі

13 Наурыз 2014, 15:43
0
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Сурет boxingscene.com сайтынан
Кеше Нью-Йоркте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақтың қайыс қолғапты қыраны Бейбіт Шүменовтің кезекті жекпе-жегіне байланысты баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бейбіттің 19 сәуір күні Американың 49 жастағы, есімі төрткүл дүниеге мәшһүр тарланбозы Бернард Хопкинспен қолғап түйістіретінін білесіздер. Ол – IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

Нью-Йоркте өткен баспасөз жиынында кәсіпқой бокстың дәстүріне сай екі боксшы бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көздерімен арбасты.

Әу баста бұл жекпе-жек Нью-Йорктегі Бруклинде өтеді деп айтылған. Бірақ Шүменов пен Хопкинс Вашингтонда шаршы алаң көрігін қыздыратын болыпты.

30 жастағы қазақ боксшысы шетелдік журналистерге, атап айтқанда, Ringtv.com тілшілеріне берген сұхбатында былай депті:

– Хопкинс – кәсіпқой бокс тарихындағы ең үздік чемпиондардың бірі. Мен Бернард секілді атақты һәм даңқты боксшымен әлі кездескен емеспін. Бұл менің ең ауыр жекпе-жегім болады. Мен оның айқастарын зерттеп, саралап жүрмін. Әр жолы мен оның өнерінен тың бірдеңе байқаймын. Бернардпен айқасқанда шектен тыс сақ болу керек, ол кездейсоқ қимыл-әрекет жасап отырады. Ол кез-келген стильді қолдана алады. Маған ерен боксшымен болатын жекпе-жеккке дайындалу керек.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай