03 сәуір 2014 17:44

Шүменов пен Хопкинс жекпе-жегі - үздік кездесулер қатарында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бернард Хопкинс пен Бейбіт Шүменов кездесуінің афишасы. ©Proboxing-fans.com Бернард Хопкинс пен Бейбіт Шүменов кездесуінің афишасы. ©Proboxing-fans.com

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен IBF чемпионы, американдық Бернард Хопкинс арасындағы біріктірілген чемпиондық атақ үшін өтетін кездесу "Чемпионат.com" порталының рейтингі бойынша сәуір айының ең қызықты жекпе-жектерінің қатарына қосылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.


WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен IBF чемпионы, американдық Бернард Хопкинс арасындағы біріктірілген чемпиондық атақ үшін өтетін кездесу "Чемпионат.com" порталының рейтингі бойынша сәуір айының ең қызықты жекпе-жектерінің қатарына қосылды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

30-жастағы Бейбіт Шүменов пен 49-жастағы Бернард Хопкинс арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні Вашингтондағы DC Armory аренасында өтеді. Егер бұл кездесуде Хопкинс жеңіске жетсе, онда ол бокс тарихындағы біріктірілген чемпиондық атақты жеңіп алған ең қарт боксшы атанады.

"Өз дәуірінде Бернард WBC, WBA, IBF және WBO сынды барлық төрт тұжырымның чемпиондық атақтарын жеңіп алған боксшы болған. Бірақ, ол кезде ол жас және бұл чемпиондық атақтардың барлығын орта салмақта жеңген еді. Енді Хопкинс жасы бірашамаға келіп қалғанда жартылай ауыр салмаққа көшуді жөн санапты. Ал, оның бұл салмақтағы ең алғашқы қарсыласы WBA чемпионы, қазақстандық Бейбіт Шүменов болмақшы. Дегенмен, бұл жекпе-жекте букмекерлік кеңселер Хопкинстің жеңетініне сенімді болып отыр", - делінген "Чемпионат.com" порталының ақпаратында.  

Айта кетейік, бұған дейін Бейтіт Шүменов бұл кездесуде өзінің жеңісіне сенімді екенін айтқан болатын. "Дәл қазіргі таңда Бернард Хопкинс жартылай ауыр салмақтағы ең мықты боксшы. Сондықтан да алдағы кездесуде бұл салмақта әлемдегі ең мықты боксшы мен екенімді дәлелдейтін тамаша мүмкіндік туындап тұр. Менің алдағы мақсатым - біздің салмақтағы барлық чемпиондық атақтарды өзіме жиып алу", - деген еді Шүменов. 

Ал өз кезегінде Хопкинс бұл салмақта "аңыз адам" кім екенін көрсетіп, қарсыласын есінен тандыратындығын айтқан еді. 

Сәуір айындағы үздік жекпе-жектердің қатарына мына кездесулер де кірген:

12 сәуір. Лас-Вегас, Невада. Мэнни Пакьяо (Филиппин, 55-5-2, 38 КО) – Тимоти Брэдли (АҚШ, 31-0-0, 12 КО);
12 сәуір. Лас-Вегас, Невада. Хабиб Аллахвердиев (Ресей, 19-0-0, 9 КО) – Джесси Варгас (АҚШ, 23-0-0, 9 КО);
12 сәуір. Эсбьерг, Дания. Дэвид Прайс (Англия, 16-2-0, 14 КО) – Ондрей Пала (Чехия, 33-4-0, 23 КО);
25 сәуір. Москва, Россия. Денис Лебедев (Ресей-2-0, 19 КО) – Гильермо Джонс (Панама, 39-3-2, 31 КО);
25 сәуір. Москва, Россия. Эдуард Трояновский (Ресей, 17-0-0, 14 КО) – Ричар Абриль (Куба, 18-3-1, 8 КО);
26 сәуір. Оберхаузен, Германия. Владимир Кличко (Украина, 61-3-0, 51 КО) – Алекс Леапаи (Австралия, 30-4-3, 24 КО);

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети