21 маусым 2018 11:05

Сондерс өз жекпе-жегін Головкин-"Канело" қарымтасы күні өткізбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© XSPORT.ua © XSPORT.ua

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты. 


Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО) промоутері Фрэнк Уоррен боксшының келесі жекпе-жегі туралы айтты. 

Оның сөзінше, Сондерс екінші орта салмаққа көтеріліп,  IBF чемпионы Джеймс ДиГейлмен (24-2-1, 12 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Егер боксшылар келісе алса, жекпе-жек 15 қыркүйекте Лондондағы O2 аренасында өтеді. 

"Бұл жекпе-жек болады деген ойдамын. Билли ірі жекпе-жек үшін үлкен салмаққа өте алады. Дигейлмен жекпе-жек айтулы оқиға болмақ. Жанкүйерлер мұндай жекпе-жекке қуанады", - деп келтіреді Уореннің сөзін BoxingScene.com.

Еске салайық, Сондерс 23 маусымда отандасы Мартин Мюрреймен (36-4-1, 17 КО) жұдырықтасып, атағын қорғауы қажет. Бірақ Лондонда өтуі керек болған жекпе-жек чемпионның жарақатына байланысты болмай қалды. Кейін британиялықтың WBA (Super), IBO, WBC чемпионы Геннадий Головкинмен келіссөз жүргізгені беліглі болды. Осыдан кейін Мюррей оның жарақаты сылтау ғана болғанына күдіктенді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети