Бірінші жартылай орта салмақта экс-чемпион Әмір Хан тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуге, оның ішінде Мэнни Пакьяомен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта экс-чемпион Әмір Хан тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуге, оның ішінде Мэнни Пакьяомен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, Әмір Хан 7 мамыр күні WBC чемпиондық титулы үшін Сауль Альвареспен жұдырықтасқан болатын. Ұлыбританиялық боксшы алтыншы раундта нокаутпен жеңілді. Ол соңғы соққыға дейін Альваресті жеңіп келгенін айтып отыр.
"Тағы бір үлкен жекпе-жекке дайынмын. "Канело" мені сол соққымен ұстап алғанға дейін мен оны жеңіп келе жатқан едім. Мансабымдағы соңғы жылдар өтіп жатыр. Сондықтан да, әлемдегі мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді", - деді ол.
"Пакьяомен әлі де кездесуім мүмкін. Біз тек бас қосып, барлық мәселені талқылауымыз керек. Менің ойымша, Мэнни мансабын әлі аяқтаған жоқ, ол тағы да жұдырықтасады", - деді боксшы.