12 мамыр 2016 18:06

Соңғы соққыға дейін "Альваресті" жеңіп жаттым - Әмір Хан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші жартылай орта салмақта экс-чемпион Әмір Хан тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуге, оның ішінде Мэнни Пакьяомен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші жартылай орта салмақта экс-чемпион Әмір Хан тағы бір үлкен жекпе-жек өткізуге, оның ішінде Мэнни Пакьяомен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Әмір Хан 7 мамыр күні WBC чемпиондық титулы үшін Сауль Альвареспен жұдырықтасқан болатын. Ұлыбританиялық боксшы алтыншы раундта нокаутпен жеңілді. Ол соңғы соққыға дейін Альваресті жеңіп келгенін айтып отыр.

"Тағы бір үлкен жекпе-жекке дайынмын. "Канело" мені сол соққымен ұстап алғанға дейін мен оны жеңіп келе жатқан едім. Мансабымдағы соңғы жылдар өтіп жатыр. Сондықтан да, әлемдегі мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді", - деді ол.

"Пакьяомен әлі де кездесуім мүмкін. Біз тек бас қосып, барлық мәселені талқылауымыз керек. Менің ойымша, Мэнни мансабын әлі аяқтаған жоқ, ол тағы да жұдырықтасады", - деді боксшы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети