02 желтоқсан 2018 15:04

Супер ауыр салмақ: Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюридің кездесуі тең аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Yahoo! Sports © Yahoo! Sports

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында кәсіпқой бокстан турнир аяқталды. Бокс кешінің басты кездесуінде супер ауыр салмақта WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер мен ұлыбританиялық Тайсон Фьюри кездесті. 

12 раундтық кездесудің қорытындысы тең аяқталды - 115:111, 110:114, 113:113. Фьюри 9-шы және 12-ші раундтарда нокдаунда болды. 

40 кездесу өткізген Уайлдер үшін бұл бірінші тең нәтиже. Ол өзінің спорттық мансабында бірде бір рет жеңіліп көрмеген. 39 кездесуінде жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. 27 жекпе-жек өткізген Фьюри де спорттық мансабында бірінші рет тең нәтижені тіркеді. 

Уайлдер 2018 жылы екінші жекпе-жегін өткізді. Наурызда ол Луис Ортисты нокаутқа түсірген еді. Фьюри болса, биыл осыған дейін екі рет шаршы алаңға шықты. Біріншісінде ол Сефер Сефериді жеңді, кейін Франческо Пьянетаны жеңді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети