Тайсон Фьюри жекпе-жекте Мұхаммед Әлидің әдісін қайталады

20 Тамыз 2018, 17:36
0
Тайсон Фьюри жекпе-жекте Мұхаммед Әлидің әдісін қайталады - © BoxingScene.com
© BoxingScene.com

Супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри (27-0, 19 КО) әйгілі Мұхаммед Әлидің әдісін қайталады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда Фьюри Белфаста өткен бокс кешінде төрешілер шешімімен италиялық Франченско Пьянеттаны (35-5-1, 21 КО) жеңді. Жұдырықтасу кезінде ұлыбританиялық боксшы қарсыласының соққыларынан бірнеше рет басын бұғып қалды. 

Осындайды өз уақытында әйгілі Әли жасаған болатын. Ол он секунд ішінде жасалған соққылардың 23-інен басын жалтарған. Америкалық журналист Райан Сонгалия Фьюри мен Әлидің әрекеттерінің ұқсастығын байқаған. 

Айта кетейік, 2016 жылы өткен Олимпиада ойындарында Әлидің әдісін қайталаған қазақстандық әуесқой боксшы Қайрат Ералиев залда отырған бүкіл көрерменнің қол шапалағына лайықты болған еді. 

Фьюри Пьянеттаны жеңгеннен кейін WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) шаршы алаңға көтерілді. Америкалық пен ұлыбританиялық боксшы екеуінің Лас-Вегаста өтетін кездесуі жайлы ресми түрде жариялады. Қай күні өтетіні таяу күндері хабарланды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай