12 наурыз 2015 10:46

Тайсон украин боксшысы Ломаченконы Геннадий Головкиннен жоғары қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz Геннадий Головкин. ©Tengrinews.kz

Майк Тайсон украин боксшысы Василий Ломаченконы мақтап, ол Геннадий Головкинге қарағанда үздік деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Lomachenko.com ресми сайты. Мұндай мәлімдемені ол бокс туралы Champs (глава Beast of The East/"Шығыс жыртқыштары") деп аталатын деректі фильмінде айтты. Айта кетейік, бұл фильмнің премьерасы 2015 жылдың 15 наурызында болады.  

Оның айтуынша, Ломаченко - Шығыстан шыққан жарқын боксшылардың жаңа плеядасында үздік. "Шығыстан шыққан осы жарқын боксшылардың жаңа плеядасында менің ең жақсы көретінім Василий Ломаченко. Ол тарихта теңдессіз әуесқой рекорды бар. Ол өте тамаша спортшы! Ол төбелесе алады! Сонымен қатар, ол өте ақылды боксшы. Менің ұстазым әрі бапкерім Кас Д'Амато тірі болса осы жігітті жақсы көріп кететін еді. Ломаченконың қорғанысы мінсіз. Ал қорғаныс - бокста нағыз биік жетістіктерге жетудің басты кілті. Қорғаныс пен шабуылдаудағы тамаша агрессиясы - осы қасиеттер оны мен үшін нағыз жұлдыз етеді! Ал сіздер Геннадий Головкин туралы айтқанда... Ковалев туралы айтқанда... Иә, бұл жігіттер мықты панчерлер. Олар қатігез! Бірақ Василийде бар қасиеттер оларда жоқ. Бұл - адам сенгісіз қорғаныс!", - деді Тайсон.

Еске сала кетейік, таяуда Геннадий Головкиннің рингке 16 мамырда оралатыны белгілі болды. Ол жекпе-жекті АҚШ-та өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети